2022 жылдың 16 наурызында «Ай жәдігері» жобасы аясында Наурыз мерекесіне арналған «XIX ғасырдың білезігі» экспозициясының ашылуы онлайн режимінде өтті.
Ерте заманнан бері қазақтар күн мен түннің теңесуі қарсаңында Наурыз мейрамына дайындалған. Жарқын мереке суық ауа райының аяқталғанын және табиғаттың жаңаруын білдіреді. Адамдар қонақтарға дастархан жайып, мерекелер, жастар үшін ойындар ұйымдастырды. Әйелдер өздерінің ең жақсы киімдері мен әшекейлерін киді. Қапсырмалар, сақиналар, шашбаулармен өздерін, киімдерін әшекейлейді, бұл киімнің сұлулығын, иесінің әлеуметтік мәртебесін көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар сұқ көзден қорғану үшін.
Біздің музейдің қорында дәстүрлі қазақ әшекейлерінің шағын жинағы сақталған. Оның ішінде XIX ғасырдың күміс білезігі де бар.
Бұл білезіктің ерекше түрі – құрама білезік. Оның екі бөлігі ілмектер арқылы қосылады, ал жармасы күміс инемен жабылады.
Айта кету керек, қазақ зергерлері шеберліктің құпиясын мұқият қорғап, оны атадан балаға мұра ретінде қалдырып отырған. Сондықтан Қазақстанның түрлі өңірлерінде әшекейлердің өзіне тән ерекшеліктері болды.
Музей жинағындағы бұл білезік айқын геометриялық стильде жасалған. Сопақша келген ақық тас салынған, өрнектер түйіршіктеліп үшбұрыш және ромб түрінде басылған. Білезіктің шетінен шиыршықталып сәндік жапсырмалар жұқа күміс сымдармен жүргізілген. Мұндай геометриялық тәсіл Батыс Қазақстан шеберлері арасында кеңінен тараған.
Бірақ қазақтардың зергерлік өнерінде ортақ ерекшеліктер де болды. Көшпенділерге арналған әшекейлер мәртебе мен байлықтың көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар тұмар болды. Әрбір элементтің, әрбір бөлшектің өзіндік қасиетті мағынасы бар. Зергерлер әйелдерді зұлым рухтардан қорғау үшін білезіктерді айдаһардың тістеріне ұқсас жиекпен әшекейлеген. Ромбтардың үлгісі бала сүюдің белгісі болды.
Тіпті зергерлік бұйымдар үшін қолданылған материалдар ерекше ниетпен таңдалды. Айта кетсек, інжу, қазақтардың пікірінше, көз сүйелін емдейді, маржан жамандықтан қорғайды, көгілдір ақық тас бақыт әкеледі. Қызғылт сары ақық тасты «күн тас» деп атаған және ол береке мен қуаныш әкеледі деп сенген.
Зергерлердің қалайы, қола және алтыннан зергерлік бұйымдар жасай алатындығына қарамастан, кеңінен қолданған металы - күміс болды. Ата-бабаларымыздың айтуынша, күміс әйелдердің сұлулығын күшейтетін, балалар мен ересектерді сұқ көзден қорғайтын, дене мен тән тазалығын сақтайды.
Көптеген қазақ күміс әшекейлерінің, әсіресе білезіктердің көлемді болып келуі осы наныммен байланысты. Көшпенділерде әрқашан ауыз су мәселесі болған. Көбіне оны суаттар мен өзендерден алуға тура келді. Суды тазарту үшін күміс зергерлік бұйымдарды салған. Қымбат металл неғұрлым көп болса, соғұрлым тезірек тазарады деп есептеген.
Қазақтың ұлттық зергерлік өнерінің түп-тамыры мыңдаған ғасырларда жатыр. Есік қорғанынан алынған скифтердің, Қарғалы көмбесінен алынған үйсіндердің, Бурабай көлінің жанындағы қорымнан алынған ғұндардың алтын бұйымдары зергерлік өнерінде өзіндік дәстүрлер қалыптастырған. Бүгінгі зергерлер ата-бабаларымыздың ісін жалғастырып, қазақ әшекейлерінің ерекше стилін қазіргі қоғамның талаптарына сай бейімдеуде.
Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.