17 қазанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Рухани бірлік - толерантность арқылы» деген тақырыпта Рухани келісім күніне арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шараға келген оқушыларға дін тұтынумен байланысты сұрақтармен, Қазақстанда Тәуелсіздік кезеңінде орын алған тарихи өзгерістер қатарымен таныстыратын мультимедиялық экскурс ұсынылды.
Толеранттық тұлғаға тән негізгі қасиеттерді анықтап, оқушылар толеранттық ағаш өсірді. Іс-шараны қорытындылай келе, оқушылар өз тобының қаншалықты толерантты немесе интолерантты екенін анықтайтын тест жүргізді.