2022 жылдың 22 сәуірінде сағат 16.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы мен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Дәстүр тойы» тарихи ретроспективасы, этнографиялық заттардың дефиле -көрсетілімі өтті.
Ол Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған.
Дефиледе музей қорындағы әртүрлі этникалық топтар өкілдерінің материалдық және рухани мәдениетіне тән заттар пайдаланылды.
Музей қызметкерлері әр түрлі диаспоралардың ұлттық киімдерін киіп, сол ұлтқа тән заттарды кезек-кезек алып шығып, оларды көрме стендтеріне салтанатты түрде орнатты.
Дефиле бейнепрезентациямен қатар жүрді, онда әр зат жан-жақты көрсетіліп, оның қолданысы туралы ақпарат берілді.