2022 жылғы 20 мамыр сағат 11.00 - 13.00 аралығында Теміртау тарихи-өлкетану музейінің алдындағы алаңда Халықаралық музейлер күніне орай «Жәдігер салтанаты» атты музейлік мереке өтті.
10 жыл ішінде музей Жәдігер салтанаты атты авторлық жобаны жүзеге асырады. Салтанаттың басты тұлғасы-жәдігер, оның айналасында барлық негізгі іс-шаралар жүргізілді.
Биыл біз медицинаға арналған Музей амбулаториясын ұйымдастырдық.
Алаңның ортасында «Пинцеттен ланцетке дейін» экспозициялық аймағы орналасты, онда музей қорындағы медициналық жәдігерлер көрсетілді. Онда өткен ғасырдың 40-жылдарынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі 70-тен астам заттар болды. Ең көне жәдігер - 1941 жылғы фонендоскоп. Онымен фельдшер Карлаш П. А. бүкіл соғыстан өтті. 1949 жылғы аяқ жетегімен іске қосылатын тістерді емдеуге арналған бірегей бормашина, сондай-ақ балаларға арналған ренген, гинекологиялық кресло, жедел жәрдем дәрі -дәрмек қобдишасы, хирургиялық ота пышақтар жиынтығы, электрокардиограф ұсынылды.
Алаңда 6 тақырыптық аймақ жұмыс істеді:
- Ординаторлық
- Терапевтік
- Фитотерапевт
- Окулист
- Емдік дене шынықтыру кабинеті
- Жедел жәрдем
Іс-шараға қатысушылар медициналық заттармен танысты, алғашқы медициналық көмек көрсетті, дәрілік шөптер туралы ақпарат алды, емдік дене шынықтыру кешенінен өтті, тамыр соғуын өлшеді, бойы мен салмағың анықтады.
Мерекеге 200- ден астам адам қатысты.