2022 жылдың 9 маусымында сағат 16-00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейі алғаш рет «Х нүктесі» атты қалалық квестін бірінші рет іске қосты!

Квест ескі қаланың орталығында орналасқан 6 аймақтан тұрды. Әр аймақта тарихи анықтама болды. Ұялы телефонды, интернетті және өз білімін қолдана отырып, 5 адамнан тұратын команда шифрдың бөліктерін алу үшін осы жерлерді зерттеді.

Бірінші аймақта мал өсіруші, ақын және колхозшы қыздың көзқарастарының қиылысу орталығы орналасқан. Орынды тапқаннан кейін қатысушылар шифр үшін қажетті санды оңай анықтады. Бұдан әрі нысандарды зерттеу үшін аймақ нүктелері бар электрондық форматтағы карта берілді

Орындардың бірінде қатысушылар дауысты ақпарат арқылы ескі қала саябағында қандай тарихи тұлғаның ескерткішін табу керектігін білді. Тапсырма орындалып, шифрдың келесі бөлігін алынды.

«Рухани жаңғыру» саябағында қатысушылар Google іздеу бағдарламасын пайдалану арқылы «КТМ-1»нысанын тапты. Онда шифрдың тағы бір бөлігі табылды.

Қаланың ескі бөлігінде қатысушылар ХХ ғасырдың 50-ші жылдары ашылған дүкенді тапты. Квест қатысушылары 1970-ші жылдардан бері сақталған осы дүкеннің атауындағы әріптердің санын анықтады.

Кеме -үйдің жанында Тайыр Жароковтың Теміртау туралы кітабының атауын анықтап, сондай-ақ 1938 жылы салынған алғашқы көп қабатты үйдің нөмірін тапты.

Барлық бөліктерді жинап, команда сыйлықтың нақты орнын табуға көмектесетін тарихи есепті шешті.

Квесттің басталуына Теміртау жас көрермендер театрының қызметкерлері қатысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.