2022 жылдың 1 шілдесінде сағат 11-00-де ҚР Домбыра күніне орай Теміртау тарихи-өлкетану музейінің «Қазақстан халқының бірлігі» залында «Жан сыйы» атты аудиоинсталляцияның экспозициялық блогының ашылуы өтті.
Экспозицияның орталық элементі қазақ халқының жаны мен даналығы болып табылатын - Домбыра. Халық бірлігінің, бейбітшілік пен тыныштықтың нышаны шаңырақтан - шыны колба төмен түседі, онда домбыра орналастырылған, колбаның қабырғаларына мынадай қызықты деректер бейнеленген: домбыраның Гиннесс рекордтар кітабына қалай енгізілгені туралы, тарихы 1500 жылдан асатын бірегей «Ата домбыра» туралы, домбыраның пайда болуы туралы, домбырадағы ойықтың пайда болуы туралы аңыздар. домбыраның шанағында жоғарғы тиектің пайда болуы туралы.
Шыны құрылымның төменгі жағында қазақтың ұлы композиторларының күйлері жазылған аудиоқондырғылар орналастырылған: Құрманғазы Сағырбайұлының ең үздік шығармаларының бірі – «Адай», Нұрғиса Тілендиев «Әлқисса», Дина Нұрпейісова «Ана бұйрығы», Секен Тұрысбеков «Көңіл толқыны», бұл домбыраның үнін, оның барлық ерекшеліктерін өз бетінше естуге мүмкіндік береді.
Ал экскурсия жетекшілері осы күйлерден музыкалық бейнесін тапқан эпикалық аңыздар мен ертегілердің құпияларымен бөлісті.
Біздің кішкентай қонақтарымыздың назарына №2 Балалар музыка мектебінің оқушылары «Самғау» ансамблінің орындауында «Күрішшілер биі» деп аталатын күй ұсынылды.