2022 жылдың 19 қыркүйекте Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде Еңбек күніне арналған «Еңбек кітапшасы» экспозициясының ашылуы өтті.

Еңбек кітапшаларының прототипі Францияда XVIII ғасырдың ортасында пайда болғанынан бастау керек. Қазақстанда еңбек кітапшалары 1939 жылы басқа кеңестік республикалармен бір мезгілде енгізілді.

Музей қорында 1939 жылдың 24 қаңтарында толтырылған Теміртау қаласының тұрғыны Виктор Семенович Жевлаковтың еңбек кітапшасы сақтаулы. Онда қазақша жазба 1929-1939 жылдар аралығында қолданылған латын әліпбиінде жазылған.

Еңбек кітапшасындағы алғашқы жазбада былай делінген: «Қарағанды ГРЭС құрылысы. 1934 жылдың 9 сәуірі. Жұмысқа қабылданды. Гараж учаскесі. Көлік жүргізуші». Виктор Семенович, 1932 жылы басталған, құрылысқа тап болды. Сол кезде Нұра өзенінде Самарқанд кентінің маңында, болашақ Теміртау қаласы, Қарағанды қаласында электр энергиясының жетіспеушілігімен байланысты проблемаларды шешу үшін су қоймасы мен су электр станциясының құрылысы жүргізілді.

1941 жылы көптеген тәжірибелі инженерлер мен құрылысшылар майданға аттанды. Қалғандары КарГРЭС-ті қысқа мерзімде іске қосу міндеттемесін алып, 1942 жылы іске қосты.

Еңбек кітапшасындағы 1943 жылғы 13 наурыздағы жазбаға сәйкес Виктор Семенович, болашақта Теміртау құю-механикалық зауыты деп аталатын, Қарағанды жөндеу-механикалық зауытының директоры болып тағайындалды. Зауыт деп ауқымды аталғанмен, шын мәнінде өндірістік корпус, қойма, 6 ескі станок және бірнеше ондаған жұмысшыларды қамтыды.

Еңбек кітапшасындағы жазбаларда Виктор Семенович 1968 жылға дейін құю-механикалық зауытының директоры болып жұмыс істегені белгіленген.

Зейнетке шыққаннан кейін Виктор Семенович Теміртау үшін тағы бір маңызды оқиғаға қатысты: бұл 1980 жылы Неміс драма театрының ашылуы. Бұған 1980-81 жылдардағы еңбек кітапшасындағы соңғы жазбалар дәлел бола алады.

Біздің әлем қызықты оқиғаларға толы. Оларды көру үшін күнделікті заттарға жаңа көзқараспен қарау керек. Сонда қарапайым еңбек кітапшасы адамның тағдырын ғана емес, бүкіл қала тарихын баяндап береді.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.