2022 жылдың 27 қыркүйегінде Халықаралық туризм күні аясында  «Жүз жол» экспозициясының ашылуы өтті.

Экспозиция «демалу орны» ретінде стильдендірілген – өмір жолында, кем дегенде жүз жолдан өтіп, жол бойында аялдама жасайтын туристердің уақытша демалу орны. Демалу кезінде туристер өз әсерлерімен бөліседі, маршруттарды талқылайды, дәмді жорық тағамдарын дайындайды, гитарамен ән айтады, өмірден алынған қызықты оқиғалармен бөліседі.

Экспозиция төрт ақпараттық блоктан құрылған. Олардың үшеуі Теміртау қаласының ең маңызды туристік ұйымдарының – «Магнит» туристік клубының, саяхат және экскурсиялар бюросының және «Горизонт» туристік клубының тарихы мен қызметін баяндайды. Ал төртінші блок Қарағанды облысында туризмді дамытуға арналған.

Көрменің ашылуына кәсіби альпинист А. В. Федоров, «Горизонт» клубының экс - жетекшісі, ҚР туризм бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушысы Л.В. Пунченко қатысты. Өмірі туризммен байланысты адамдар бір мезгіл «демалуға тоқтап», өздерінің қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Қонақтар жорық қабын өз бетінше жинап, туристік заттардың аттарын анықтады.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.