14 қазан күні сағат 12.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде № 1 Қарағанды мемлекеттік аудандық электр станциясының 80 жылдығына арналған «Бастамашы» экспозициясы ашылды.
ХХ ғасырдың 30 - жылдарына жататын бірегей фотосуреттер, құжаттар мен жәдігерлер Қарағанды облысының тарихындағы маңызды оқиғаны -Қарағанды шахталарына алғашқы өнеркәсіптік токтың іске қосылуын - бейнелейтін қолдан жасалған электр бағаналарына орналастырылды.
Экспозицияға келушілер стахановшылардың куәліктерін, «Фотокор – 1» марапаттау камерасын, сондай-ақ 1935-38 жылдары ҚарГРЭС-1 бірінші құрылысшылары ресімдеген фотоальбомдарды көрді.
Экспозицияның ашылуына Теміртау жоғары политехникалық колледжінің электрик студенттері, «Bassel Group LLS» ЖШС (ҚарГРЭС-1) өкілдері қатысты.