2022 жылғы 18 қазанда сағат 11.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Рухани келісім күні аясында «Қазіргі қоғам және діни толлеранттылық» тақырыбында пікірталас клубының қатысушыларымен жұмыс өтті.
Қатысушылармен әлемдік діндердің тарихы туралы сұхбат жүргізілді және әртүрлі конфессиялық бағыттардағы салт-жораларды өткізу үшін 50-ден астам бірегей жәдігерлер көрсетілетін «Діни ғибадат заттары арқылы дін тарихы» экспозициясында ұсынылған музей экспонаторикасымен жұмыс ұсынылды.
Пікірталас барысында діни төзімділікті анықтау үшін жедел сауалнама мен тестілеу өтті. Өзін -өзі талдау - рефлексия әдістерін пайдалана отырып, рөлдік жағдайлар форматындағы толеранттылық мәселелер қозғалды.