2022 жылғы 21 қазанда сағат 11.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Өзіндік жол» зияткерлік тарихи ойыны басталды.
Зияткерлік тарихи ойын бейнехроникамен, мұрағаттық құжаттармен және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы баяндайтын фотосуреттермен сүйемелденді, олардың тамыры Қазақ хандығы қалыптасқан сәттен , яғни XV ғасырдан бастау алады.
Іс-шара барысында экскурсанттар дала заңдарымен танысты: «Есім ханының ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы», әйгілі хандар мен билердің мөрімен, «ханды киізге көтеру» рәсімімен және т. б
Іс-шараға№ 2 ЖББМ 10 сынып оқушылары қатысты.