2022 жылғы 4 қарашада аралығында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Музей кеші» атты музейдің туған күніне арналған мерекелік кеш өтеді.

1973 жылы 6 қарашада Музей келушілерге өз есігін айқара ашты. Сол кезде «Индустриалды Теміртау»  атты бір ғана экспозиция ұсынылды. Бүгінде музейде әртүрлі тақырыптық бағыттағы 10 зал жұмыс істейді. 49 жыл бойы біз қонақтарымызды - Теміртау қаласының тарихын білгісі келетіндердің барлығын қарсы алып келеміз.

Осы іс-шараның құрметіне үш сағат ішінде 1098 шаршы метр музей алаңында 10 аймақ жұмыс істейтін болады. Картаны алғаннан кейін, қонақтар бір аймақтан екінші аймаққа жылжи    отырып, музей жәдігерлерімен жұмыс жасай отырып, ұсынылған тапсырмаларды орындайды:

  • сұлбасы бойынша музей заттарын іздейді
  • твистер ойнайды
  • ежелгі адамның қаруын жасайды
  • TikTok-та бейне түсірілім жасайды
  • Естелік хат жазады
  • тарихи фото аймақтарда суретке түседі
  • қара жәшіктегі затты анықтайды

Дұрыс жауап бергені үшін қонақтар 10 бөліктен тұратын түрлі-түсті білезіктің бір бөлігін алады. Музей кешінің соңында толық жиналған білезік үшін әркім сыйлыққа ие болады.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.