2022 жылғы 12 желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ата- бабадан ұрпаққа өсиет» атты жаңа интерактивті-танымдық бағдарлама іске қосылды.
Іс-шара квиза форматында 5 аймақта өтті:
1 аймақ: «Қазақстан-бастама» - сақтардың мәдениетін зерттеу мақсатында ойынға қатысушылар экспромттық археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, табылған үлгілер бойынша (Алтын адам киімінің үзінділерінің көшірмелері, Есік қорғанынан жасалған күміс тостаған) аң стилін зерттеп, руникалық жазу негіздерімен танысты. Аң аулаудың алғашқы дағдыларын игеріп, ұсынылған заттардан қару-садақ жинады.
2 аймақ: «Қазақстан-алғашқы мемлекеттік құрылымдар» квиз қатысушылары мультимедиялық бағдарламалардың көмегімен сұрақ - жауап жүйесін пайдалана отырып, тарихи тұлғалармен танысты: Шыңғыс хан, Жошы хан, Керей хан, Жәнібек хан, Кенесары хан; Алтын Орда құрылған сәттен бастап және Кенесары хан бастаған қазақтардың тәуелсіздігі үшін күресімен аяқтай отырып тарихты зерделеді.
3 аймақ: «Қазақстанның жаңа тарихы» мұрағаттық құжаттардың, фотосуреттердің және музей қорында сақталған анықтамалардың көшірмесі негізінде квиза қатысушылары ХХ ғасырдың басында болған оқиғаның барысын талдады: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы,
«Алаш» қозғалысы және Алаш Орда мемлекетінің қалыптасуы. Пікірсайыста олар осы оқиғаларға өз көзқарастарын білдірді.
4 аймақ: «Қазақстанның жаңа тарихы» 1986 жылғы желтоқсандағы қайғылы оқиғаларға жүргізілген зерттеулер мен талдауларға сүйене отырып, эскурсанттар Алматыда және Қазақстанның басқа қалаларында жастардың алғашқы демократиялық көтерілісіне қатысушылардың құжаттарымен (сауалнама хаттамаларымен), тәуелсіздік алуға алғашқы қадам жасаған адамдардың тағдырымен танысты.
5 аймақ: «Менің Қазақстаным» квиз қатысушылары Қазақстан Республикасының картасы бейнеленген пазлды жинап, әр облысқа аймақтың экономикалық бейініне сәйкес келетін жәдігерлерді орналастырды.
Ойынға Теміртау қаласының № 2 ЖББМ 6 сынып оқушылары қатысты.