2023 жылдың 1 наурызында Теміртау тарихи - өлкетану музейінде Алғыс айту күніне орай «Бір тағдыр - бір ел» акциясы өтті.
Күні бойы музейдің барлық келушілеріне ақпараттық үндеу қағаздары табыс етілді. Онда Қазақстан екінші Отанына айналған теміртаулықтардың естеліктері жазылған. Бұл музей қорларының тарихи материалы – ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында жер аударылғандардың хаттарынан үзінділер. Әр естелікте қиын кездерде көмек, қолдау және қонақжайлылық танытқан қазақ халқына деген алғыс сөздер айтылады.