2023 жылғы 7 сәуірде  «Ай жәдігері» жобасы аясында «Теміртаудағы баспа сөз туралы» экспозициясының онлайн режимде ашылуы өтті.

Көрермендерге қалалық газеттің ең көне басылымы - 1947 жылғы 20 желтоқсандағы «Теміртау жұмысшысының» 13-ші шығарылымы ұсынылды.

Бұл газет беті неге соншалықты құнды? Оның екі себебі бар. Біріншісі-азық-түлік карталарын жою туралы жаңалық. Екінші себеп - қалалық кеңеске үміткерлерді тіркеу туралы жаңалық. Жақында ғана қала мәртебесін алған Теміртау өзінің депутаттар Кеңесін құруға мүмкіндігі жетті.

«Теміртау жұмысшысы» газеті алғашқы қалалық газеті ретінде де маңызы зор. Теміртауда 1947 жылға дейін Қазметаллургстрой құрылыс тресінің «Строитель» атты ведомстволық газеті ғана шығатын.

 Теміртауда алғашқы «Теміртау жұмысшысы» газеті 1947 жылы 2 қарашада жарық көрді. Жаңа басылым өзінің корреспонденттерінен де, әуесқойлардан да, ересектерден ғана емес, сонымен қатар жас мектеп оқушыларынан да мақалалар жариялады.

Газеттің алғашқы редакторы № 26 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Георгий Андреевич Ялин болды. Тәжірибесіз маманға көмектесу үшін «Социалистік Қарағанды» газетінің қызметкері - жауапты хатшы Лавров Владимир Георгиевич келді. Оның күш-жігерінің арқасында тәжірибесіз журналистердің қисынсыз мәтіндері басылымға лайықты шығармаларға айналды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.