Теміртау қаласы - Қазақстан Республикасының ірі өнеркәсіптік орталығы. Қалаға дем беріп тұрған кәсіпорын Қазақстандық Магнитка - Қарағанды металлургия комбинаты болып табылады.
Белсенді құрылыс 1958 жылдың сәуірінен басталды, ол кезде КСРО-ның БЛКЖО XIII съезінде Қарағанды металлургия комбинаты Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы болып жарияланды. Қазақстандық Магниткаға Теміртау қаласы мен металлургия комбинатын салған көптеген жастар келді. Бұл қала көшелері мен даңғылдарының салыну кезеңі, Теміртаудың мәдениеті, спорты мен білімінің қалыптасу кезеңі – шын мәнінде, маңызды тарихи кезең болды.
Теміртау музейі Қазақстандық Магнитканың 65 жылдығына орайластырылған «Даңқты істер дәуірі» заманауи зияткерлік – ойын-сауық квизінің көмегімен осы тарихи дәуірмен танысуды ұсынды.
Квиз ойлау қабілетін ширатқысы келетіндерге, логикалық ойлауды білетін және Теміртау тарихымен аз да болса таныс адамдарға арналған.
Зияткерлік командалық ойын металлургтер қаласының, Қазақстандық Магнитканың құрылысының кезеңдерінен бастап, өткен ғасырдың ортасында Теміртау тұрғындары қандай әндер тыңдап, қандай билерді билегеніне дейін көрсетеді, сонымен қоса, әрине, жәдігерлерді қолмен ұстап, тарихи кезеңмен жанасуға мүмкіндік берді!
Квиз мұғалімдерге тамаша және заманауи қолдау болды: оларға музей қабырғасында теориялық және практикалық тарихтың симбиозын береді. Әсіресе, 1950-60 жылдардағы Қазақстан тарихының кеңестік кезеңімен байланысты тақырыптарды зерделеу кезінде.
Квизді өткізу үшін «Қала тарихы» залында ойыншыларға тарихи атмосфераға енуге мүмкіндік беретін тақырыптық кеңістік рәсімделді. Командалар (әрқайсысы 2-5 адамнан) 5 раундтан өтіп, 30 сұраққа жауап беріп, үзіліс кездерінде көңілді және танымды демалды. Квиздің жеңімпаз командасы міндетті түрде жүлдеге ие болды!
Бірінші ойын 2023 жылдың 17 сәуірінде Теміртау тарихи-өлкетану музейінде өтті. Сайысқа еріктілер командалары қосылды.