2 мамыр күні  «Еске алу» залында Жеңіс күніне орайластырылған «Қойылмаған нүкте» экспозициясы ашылды.

     1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бері жетпіс жылдан астам уақыт өтті. Бірнеше ұрпақ ауысты, сол жылдардың куәгерлері санаулы ғана қалды. Алайда, шайқаста қаза тапқан, жарақаттар мен аурулардан қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің қайтарымсыз шығындарын есепке алу нүктесі әлі күнге дейін қойылған жоқ.

    2000 жылдары әскери мұрағаттармен қашықтықтан жұмыс жасау мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, Теміртау қалалық музейі жерлестеріміздің есімдерін қалпына келтіруге бағытталған іздестіру жұмыстарын жалғастырды.

    Қазіргі уақытта «Мемориал» МЖБ сайтында жарияланған қайтарымсыз шығындар мен жерлеу кітаптары туралы атаулы тізімдер бойынша бұрын есепке алынбаған 48 теміртаулық жауынгер анықталды. Қазіргі таңда Самарқанд кенті бойынша қайтарымсыз шығындардың жалпы саны – 236 адам. Олардың ішінде –

154 - шайқаста және госпитальдарда қаза тапқандар

76 - хабар-ошарсыз кеткендер

6 - тұтқында қаза тапқандар.

Архивтермен жұмыс қазіргі уақытта жерлестеріміздің жерленген жерлерін нақтылауға мүмкіндік берді. Жауынгерлік ерліктері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталған 7 теміртаулықтар анықталды. (Барлығы 15)

     Бұл жаңа мәліметтер өткен ғасырдың 70-ші жылдарының соңында Пионерлер үйінің қамқорлығымен бір топ педагогтар, қалалық әскери комиссариат қызметкерлері мен оқушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестеріміз туралы жинаған ақпараттарын толықтырады. Сол кезде деректерді қаза тапқандардың туыстары ұсынды, өйткені Самарқанд кентінде (1945 жылдан – Теміртау қ.) әскерге шақырумен айналысқан Қарағанды қ. Киров аудандық әскери комитетінің мұрағаты сақталмаған.

70-ші жылдары жиналған мәліметтер негізінде теміртаулық – жауынгерлерге арналған ескерткіштің етегінде қаза тапқандардың есімдері жазылған мемориалдық тақталар орнатылды,  188 жерлестеріміздің есімі аталған Естелік кітап шығарылды.

Дегенмен, тізім толық емес екені айқын.

«Қойылмаған нүкте» экспозициясы Теміртау тарихи-өлкетану музейінің ҰОС жылдарында қаза тапқан жерлестерді анықтау бойынша іздестіру жұмысының нәтижесі болып табылады: мұнда мұрағат құжаттары, жерлеу тізімдерінің үзінділері, қайтарымсыз шығындар тізімдері, әскери тұтқындар карточкалары мен фотосуреттер ұсынылған.

Экспозицияның әрленуі «Еске алу» залының тұрақты бөлігіне айналды.

Қаза тапқан майдангерлердің тізімін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.