2023 жылғы 10 мамырда «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «Ұлы Отан соғысы жинағының 1-ші жәдігер» экспозициясының ашылуы өтті.
Жұртшылыққа Теміртау қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Яговкин Иван Петровичке тиесілі офицерлік дала сөмкесі ұсынылды.
Иван Петрович әскери киімді алғаш рет 1918-1922 жылдардағы азаматтық соғыс кезінде 23 жасында киген. Содан кейін 1939 жылы Халкин -гол өзенінде жапон-моңғол әскери қақтығысына қатысқан.
1941 жылы жауынгерлік тәжірибесін, сенімділігі мен мінезінің мықтылығын ескере отырып, офицер Яговкин, саяси жетекші мамандығын игеруге, Мәскеудегі В.И. Ленин атындағы әскери-саяси училищеге қысқа мерзімді курстарға жіберілді.
В 1941 году, учитывая былые заслуги, офицера Яговкина направили на краткосрочные курсы в военно-политическое училище имени В.И. Ленина в Москве на должность политрука. Ол бүкіл соғыстан өтті. Мәскеуді қорғауға және Балтық жағалауын азат етуге қатысты.
«Мәскеуді қорғағаны үшін» медалімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды.
1946 жылы Теміртауға көшіп келді. 1974 жылы ақпанда Яговкин музей қорына офицерлік планшетін тапсырды, осылайша Ұлы Отан соғысына арналған жинақтың негізін қалады.
Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.