31 мамыр күні Жаппай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Болашақ үшін есте сақтау» атты көпшілік құжаттық зерттеу жұмысы өтті.

Жариялы деректі зерттеу жұмысы – бұл Теміртау музейінің Қазақстан Республикасындағы Сталиндік қуғын-сүргін дәуірі трагедиясының ауқымын анықтау жөніндегі көп жылғы жұмысының нәтижелерімен Самарқанд кентінің (1945 жылдан-Теміртау қ.) мысалында танысу мүмкіндігі.

Зерттеу жұмысына қатысушыларға, қалалық мектептердің жоғары сынып оқушыларына, теміртаулықтардың құжаттары мен естеліктерінің бұрын соңды жарияланбаған электрондық көшірмелері, біздің өңірдің қуғын-сүргін бойынша статистикасы ұсынылды.

Музей анықтаған құжаттар: тізімдер, арнайы қоныс аударушылар мен ұлттық белгілері бойынша жер аударылғандардың естеліктері, ақталу туралы анықтамалар негізінде КСРО-дағы қуғын-сүргіннің барлық кезеңдері қарастырылды: ұжымдастырудан бастап қылмыстық кодекстің баптары бойынша саяси қуғын-сүргінге дейін.

Құжаттардың өлкетану сипатына көп көңіл бөлінді. Қоғамдық зерттеудің мақсаттарының бірі - тоталитаризм трагедиясының тереңдігін айқындау болды. Қайғылы оқиға алыс жерде, басқа елде, басқа аймақта немесе қалада болған жоқ. Бұл оқиға Қазақстан Республикасының барлық аймағында орын алды, Теміртау қаласының тұрғындарына да әсерін тигізді.

Деректі зерттеудің қорытынды сұрағы: тоталитаризм дәуірінен 90 жылдан астам уақыт өткен соң, мұрағаттық құжаттарды көтеріп, Сталиндік дәуірді жариялап, бұл ақпаратты өскелең ұрпаққа жеткізудің қажеті бар ма?

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.