2023 жылдың 1 шілде сағат 11.00-де Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына және ҚР Домбыра күніне орай Теміртау тарихи-өлкетану музейінің «Қазақстан халқының бірлігі» залында «Күй атасы - Құрманғазы» экспозициялық блогының ашылуы өтті.

Қазақ халқының жаны мен даналығы саналатын - домбыра - экспозициялық блоктың орталық элементі. Халық бірлігінің, бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі саналатын - шаңырақтан - -шыны колба төмен түседі, онда домбыра орналастырылды, колбаның қабырғаларына қызықты фактілер жазылды: домбыраның Гиннес рекордтар кітабына қалай енгізілгені туралы, тарихы 1500 жылдан асатын бірегей «Ата домбыра» туралы, домбыраның пайда болуы туралы аңыздар, домбыраның шанағында тесіктің пайда болуы туралы, аспапта жоғарғы табалдырық тиектің пайда болуы туралы.

Шыны конструкцияның етегінде ұлы қазақ композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының күйлері, оның ең үздік туындылары «Адай», «Балбырауын», «Қызыл қайың», «Ақсақ киік» ойнатылған аудиоқұрылғылар орналастырылды, бұл күйлерді тыңдауға, домбыраның үнін өз бетінше естуге, оның ырғағын сезініп, түсінуге мүмкіндік береді.

Ашылу салтанаты «Самғау» ансамблінің №2 Балалар музыка мектебі оқушыларының орындауындағы Құрманғазы күйлерімен сүйемелденді .

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.