2023 жылғы 18 маусымда сағат 12.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Айдың жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «Сүңгуір костюмі» экспозициясының ашылуы өтті.
Экспозицияда ұсынылған универсалдық гидрокостюм қыста жұмыс істеу үшін пайдаланылған. Ол резеңкеден жасалған, сондықтан ішке су кірмейді. Мұндай костюмдер ХХ ғасырдың 50-жылдарында шығарыла бастаған.
Бұл жәдігерді музейге Теміртау қаласының суда құтқару станциясының мамандары сыйға тартқан. Ұзақ уақыт бойы олар суға батқандарды құтқару, суға батқандардың денесін іздеу, су қоймасының түбін және Нұра өзенінің арнасын тазарту үшін осындай типтегі гидроостюмдерін қолданған болатын.
Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.