24 тамыз күні «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің 70 жылдығына арналған экспозиция ашылды.

Экспозицияның негізі біздің шаңырағымыздың - Теміртау қаласы мәдениетінің бірегейлі жарқын атмосферасын құрайтын символдық сырмақ болды. Сырмақтың қақ ортасында - мәдени құндылықтар, мәдени мұра арқылы ұрпақтардың мәңгілік байланысын бейнелейтін «мәңгілік» деп аталатын қазақ ою-өрнегі орналасты. Мұнда сонымен қатар, «шамды» көруге болады – ол рухани кемелдікке апаратын жолда шабыт беріп, сол жолды жарық ететін мәдениет нұрының символы.

Экспозицияда «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің заманауи құрылымы мен қызметі туралы фотоматериалдар ұсынылған. Қызықты құжаттардың бірі - Теміртау қалалық еңбеккер депутаттары Кеңесі атқару комитетінің «Қалалық мәдениет бөлімін құру туралы» шешімінің көшірмесі.

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.