2023 жылғы 1 қыркүйекте "Конституцияға саяхат" атты интерактивті музей сабағы басталды.

Музей залдары Конституцияның ашылған беттеріне стильдендірілді, экскурсанттар бір аймақтан екіншісіне өтіп, "Ата Заңның" қалыптасу тарихын зерделеп, әр бапты жекелей қарастырды:

І бөлімде Жалпы ережелер 2 және 9-баптарды зерделеуге бағытталған, онда бейне және деректі материалдар, ойын сәттері арқылы экскурсия жүргізушісі мемлекеттің біртұтастығы, ел Президенті, ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы баяндады.

“Адам мен азамат” деп аталатын  ІІ бөлімде "ҚР азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқорлық жасауға міндетті" деген 37-бапты зерделей отырып, экскурсанттар археологиялық экспедицияның ізімен жүріп өтіп, Сарыарқаның киелі жерлеріне аттанды: Алаш хан кесенесі, "Теректі әулие" петроглифтері, Беғазы археологиялық кешені және т. б.

38 - бапты зерделей отырып - "Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті" деген тұжырыммен танысты.

Қатысушылар күзгі-қысқы аң аулау маусымының ашылуына қатысты, аң аулауға рұқсат алып, нағыз "Құсбегі" атанды.

24-баптың 1-тармағы былай дейді:

"Әр адамның еңбек бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар", бұл бөлімде Теміртаудың табысты тұлғаларымен танысу өтті.

Парламент деп аталатын IV бөлімде жобаға қатысушылар ойындар, ситуациялық мәселелер арқылы заңнамалық функцияларды жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органымен танысты.

VII бөлім Соттар мен сот төрелігі, стильдендірілген сот залына кіріп, экскурсанттар ашық сот отырысының атмосферасына еніп, оның қатысушысы болды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.