2023 жылғы 29 қыркүйекте Еңбек күніне арналған «Болашақты болжағандар» экспозициясының ашылуы өтті.
Көрме өзіндік идеяларын жүзеге асырған және Қазақстанның болашақ өркендеуіне батыл қараған ғалымдарға арналды. Экспозицияда Қарағанды облысы мен Теміртау қаласының қалыптасуына елеулі үлес қосқан геолог Қ.И. Сәтбаев, гидролог В. А. Курдюков және мемлекет қайраткері И. Т. Тәжиев туралы баяндалды.
Олардың қызметінің арқасында Қарағанды металлургия комбинатын салу үшін су және шикізат көздері барланды, қысқа мерзімде, Ұлы Отан соғысы жылдарында металлургтер қаласының өнеркәсіптік нысандары салынды.
Экспозицияда бірегей құжаттар ұсынылды: Самарқанд кентінің (1945 жылдан – Теміртау қ.) аймағында Нұра өзені бойынша экспедиция туралы жазылған В. А. Курдюковтың жұмыс дәптерінің фрагменттері; металлургиялық комбинатының құрылысының экономикалық негіздемесі көрсетілген Қ. И. Сәтбаевтың баяндамалық жазбалары, Теміртау қаласының болашағының маңызды нысандарының: ҚарГРЭС-1, СК зауыты, Қазақ металлургия зауытының құрылыстарын басқарған И. Т. Тәжиевтің жеке ісінен алынған құжаттар.
Экспозиция музей қорынан алынған көлемді жәдігерлермен, индустрияландыру жылдарындағы қазақстандық дала зерттеушілерінің тұрмысына тән заттармен толықтырылды: рюкзак, теодолит, қайла, дала шатыры, минералдар үлгілері және т.б.
Экспозицияның ашылуына өздерінің кәсіби қызметін таңдау қарсаңында тұрған жоғары сынып оқушылары шақырылды. Олар жерлес ғалымдардың үлгісінен шабыт алып , өздерін зерттеуші ретінде сынап көрді, осы экспозициядан кейін олар өздерінің кәсіби жолдарын анықтауы әбден мүмкін.