2023 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты брейн-ринг форматында зияткерлік ойын басталды.
Ойын 2 турдан тұрды. Ойыншылар екі командаға бөлінді. Әр турда әр дұрыс жауап үшін команда І ұпай алды. Ұпайлар саны таблоға шығарылды. Ең көп ұпай жинаған команда ойынның жеңімпазы болады.
I тур «Сұрақ-жауап». Ойыншылар Қазақстан тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша білімдерімен жарысты.
II тур «Қара жәшік». Қара жәшікте жәдігерлер жасырылған, ойынға қатысушылар сұрақтарға жауап бере отырып, қара жәшіктің ішіндегі заттарды тапты. Қатысушылардың назарына 1995 жылы Қазақстанда шыққан номиналы 500 теңгелік алғашқы банкноттар, «proof» сапа монеталары, ҚР Конституциясы, құдағи жүзік, қамшы ұсынылды.
Ойын қорытындысы бойынша №10 ЖББМ командасы жеңімпаз атанды. Жеңімпаз команда диплом мен естелік сыйлыққа Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің «Орталық Қазақстанның үлкен металлының бастауы» авторлық кітабына ие болды.
Ойынға Теміртау қаласының №9 мектеп лицейі мен №10 ЖББМ оқушыларынан 22 адам шақырылды.