2024 жылдың 31 қаңтарында Самарқанд кентінің 115 жылдығына орай «Тарих дәйексөздері» атты дөңгелек үстел форматында қала мектептері оқушыларының кездесуі өтті.

Самарқанд кентінің қалыптасуы мен дамуына арналған қала тарихының бөлімі экспозициялық фон болды.

Мұрағат құжаттарына, музей қорының тарихи материалдарына сүйене отырып – бұйрықтардың үзінділері, ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында жер аударылғандардың хаттарынан үзінділер және т. б., дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларымен бөлісті және Самарқанд кентінің тұрғындарының көпұлтты болу себебін, қоныстану кезеңдерін және тағдырдың тәлкегімен Қазақстан жеріне келген адамдар санының ауқымдылығын талқылады.

Сұрақтар 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы» жарғы және әкімшілік-аумақтық бөлініске, 1905 жылғы Столыпин аграрлық реформасына және Ресей империясының еуропалық бөлігінен шаруалардың жаппай қоныс аударуына, КСРО-дағы индустрияландыру барысына және иесіз қалған шаруалардың, арнайы қоныс аударушылар мен ұлттық негізде жер аударылғандардың қоныс аударуына қатысты болды. Сонымен қоса, Ұлы Отан соғысы жылдарында бүкіл зауыттарды көшіру, Самарқанд инженерлері мен техниктерін кенттің ірі нысандарын салуға жұмылдыру туралы.

Дөңгелек үстелге Теміртау қаласының №9 мектеп-лицейі мен №10 ЖББМ оқушылары қатысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.