2024 жылғы 16 сәуірінде «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «Каталитикалық жылытқыш ГК-1» экспозициясының ашылуы өтті.
Біздің экспозицияда кеңестік гаджет ұсынылған, ол сыртқы пішінімен темекі сауытқа немесе кәдімгі оттыққа ұқсас, бірақ оның практикалық мақсаты әлдеқайда зор. Бұл зат бүгінгі күнде де аңшылар, балықшылар мен альпинистер арасында кеңінен қолданылады. Бұл ГK-1 каталитикалық жылытқышы. Мұндай жылытқыш КСРО-да 70-ші жылдары шығарылды, құны 6 рубль 50 тиын болды. Бірақ олар қолданысқа әлдеқайда ертерек кірді - Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ, Жапония және Англияда қалталы жылытқыштардың бірнеше нұсқалары патенттелді. Бұл зат жертасаларда миллиондаған сарбаздарды суықтан құтқарды.
Теміртау музейінің қорына жылытқышты Қарағанды металлургия комбинатының еңбек ардагері - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы, «Горизонт» Теміртау туристер клубының мүшесі, «Меридиан» жүгіру әуесқойлары клубының мүшесі, фотосуретші, ақын Ромашкин Шихап Кадырович тапсырды. Шихап Кадыровичтің басты әуестерінің бірі туризм мен альпинизм болды. Біздің экспозицияда ұсынылған оттық қожайынымен бірге небір жолдармен жүріп отырып, Тянь-Шань, Памир, Кавказ және Алтайдың шыңдарын бағындырған.