2024 жылғы 29 сәуірде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты мәдени дәстүрлер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкені өткізу үшін 4 аймақ – этноқалашық дайындалды.
Олардың әрқайсысында артефактілер мен музей жәдігерлерінің көмегімен қазақ, неміс, корей және үнді халқының материалдық мәдениеті, тұрғын үйі мен тұрмысы бейнеленді.
Этно-ханок: мұнда сонсон-ним корей иероглифтарын жазуды үйретті, «пап» даярлаудың құпиясымен бөлісті, экскурсанттар таяқшалармен тамақ жеуді үйренді.
Этно-гао: шебер Гета сари тігудің құпияларымен таныстырды және алтын кесте қолданылатын чоли деген не, үнді әйелінің гардеробында қанша киім болуы керек және тағы да басқа қызықтармен бөлісті.
Этно-киіз үй: экскурсанттарды шебер қолөнерші қарсы алып, қазақ қонақжайлылығы туралы айтып, қамшы жасаудың құпияларын ашты. Жіп иіруді үйретті. Ол ХХ ғасырдың басында қой қырқуға арналған қайшыны көрсетті және олармен қалай жұмыс істеу керектігін, жүнді өңдеудің құпияларын және бастапқы жіпті қалай дайындау керектігімен бөлісті.
Этнофахверк: Гертруда шебер штрудель даярлауды үйретті. Сондай-ақ, цуккертюте, шультюте құпияларын ашып, балалармен бірге тәтті кульки жасады.
Жәрмеңкеге №10 ЖББМ оқушылары қатысты.