2024 жылғы 9 мамырда Ұлы Отан соғысында қаза тапқан теміртаулық жауынгерлерге арналған ескерткіштің жанында "Есімізде" атты тарихи инсталляция ашылды.
3 бөліктен тұратын музей аймағы ұйымдастырылды. Бірінші бөлікте қор жәдігерлері негізінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің интерактивті аймағы "Далалық госпиталь" қайта жаңғырды.
"Соғыс сандары" орналасқан бөлікте - қаралы стелаларда соғыстың статистикалық цифрлары қор жәдігерлерімен толықтырылған.
"Далалық пошта" - Теміртау музейінің көпжылдық акциясы. 5 жыл ішінде 11 200 "Үшбұрыш хаттар" жиналды, онда акцияға қатысушылар ҰОС батырларына құрмет ретінде "Есімізде" деген сөзді және өз есімдерін жазды.
Билғы жылғы 9 мамырда "Далалық пошта" жәшіктеріне тағы да 3 мың хат келіп түсті.