2024 жылғы 15 шілдеде, Металлургтер күні қарсаңында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Қаладағы қала» экспозициясының ашылуы өтті.

«Қаладағы қала» экспозициясы - бұл комбинатқа мүлдем басқа қырынан қарағандағы көзқарас. Комбинаттың сызбасына көз салсақ: көшелер, ғимараттар, өндірістік кешендер, теміржол жолдары, медициналық пункттер, өрт сөндіру бекеттері, автобус аялдамалары, жаяу жүргіншілер өткелдері бар 700 га жер көлемінде орналасқан шағын қаланы көруге болады.

«Қаладағы қала» экспозициясы көп деңгейлі. Біз қарапайым мәтіндер, түсті сызба және экспозицияның техникалық орналасуы есебінен Қарағанды металлургиялық комбинатының күрделі жүйесі мен тарихын жеткізуге тырыстық.

Бірінші деңгей - комбинаттың сызбасы, экспозицияда басты орын алып тұр. Диаграммада ҚМК негізгі өндірістерінің нысандары әртүрлі түстермен көрсетілген.

Екінші деңгей - бұл сызбадағы түстерді өндіріс атауы мен құрылымына сәйкестендіруге мүмкіндік беретін түсті сызба.

Үшінші деңгей - бұл қор және заманауи фотосуреттер, материалдар және мәтіндік материалдар арқылы келесі өндірістердің тарихы мен технологиясын толық ашатын, сызбадан металл тіректер мен ақпараттық блоктарға жүргізілген түсті сызықтар...

Өндірістер:

- агломерациялық;

- коксохимиялық;

- домендік;

- болат балқыту;

- прокат;

- қосалқы цехтар.

Ашылу рәсіміне Қарағанды металлургиялық комбинатының ардагерлері және «Шаңырақ» орталығының еріктілері қатысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.