2024 жылдың 29 тамызы күні сағат 12.00 –де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Конституция күніне орай  «Ата-Заң – Тәуелсіз ел тұғыры» атты интеллектуалдық ойыны өтті.

Бірнеше бөлімнен тұратын интеллектуалдық ойын «Шаңырақ» клубының қатысуымен өтті.

І кезең XV - XVIII ғасырлардағы "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханының ескі жолы"  және Тәуке ханның "Жеті жарғысы", "Алаш" партиясының саяси бағдарламасы, Қазақ АҚСР-нің алғашқы Қазақстандық Конституциясы ережелерінен бастап, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан Қазақстандағы конституционализм идеясы туралы баяндайтын, сонымен қатар,Тәуелсіз Қазақстан Конституциясы және оның мазмұны, сондай-ақ 2022 жылдың соңғы өзгерістері белгіленген тұсаукесер және бейнебаянмен сүйемелденді.

ІІ кезең – төрт бөлімнен тұратын интеллектуалдық ойынымен жалғасын тапты. Қатысушылар екі командаға бөлінді.

1. «Ұяшықтар таңдау» - әр команда слайдта көрсетілген ұяшықтарды таңдап, жасырынған сұрақтарға жауап берді. Әр дұрыс жауапқа 10 балдан жинады. Егер команда дұрыс жауап бере алмаса, келесі команда жауап берді.

2. «Жағдаяттар шешу» - Командағы ертегілерден үзінді көрсетілді. Әр команда берілген ертегінің атауын тауып, ондағы заңға қайшы келген оқиғаларды талдады.

3. «Дұрыс орналастыр» - командаларға әр түрлі суреттер бар карточкалар таратылды, Конституцияның тарауларына сәйкес карточкаларды ретімен дұрыс орналастырды.

4. «Миға шабуыл» - әр командадан 1 қатысушы шығып, ұялы телефондарында «Куизиз» ойын платформасындағы викторинаға жылдам жауап берді. Балды автоматты түрде ойын платформасы шығарды.

Командалардың балдарын санап, соңғы ойын платформасының балын қостық. Көп бал жинаған команда жеңіске жетті.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.