2024 жылдың 5 қыркүйегінде Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған «ЛингваFest» музей фестивалі басталды.
«ЛингваFest» - бұл бір тақырыппен біріктірілген аймақтар жүйесі.
- «Тіл тарихы» аймағы Қазақ жазуының араб тілінен қазақ тілінің қазіргі реформасына дейінгі тарихымен танысу, онда бірегей музей жәдігерлері ұсынылды: ХІХ ғ. араб
тіліндегі Құран, арабша жазуы бар күміс Дирхем монетасы, М. Жаңабергеновтың 1938 жылғы қазақ тіліндегі латын әліпбиін пайдалана отырып толтырылған мандаты мен куәлігі.
- «Тілдердің алуан түрлігі» аймағы Музей жәдігерлерінің мысалында: шіркеу-славян тіліндегі Евангелие ХІХ ғасырдың соңы, медициналық әдебиет ХХ ғасырдың
басы латын тілінде, қазіргі әлемде өлі тілдер қай жерде қолданылатынын анықтау. Музей жәдігерлері негізінде зағип және құлағы естімейтін жандардың тілімен танысу – Брайль алфавиті бар нұсқаулық және іс-қимыл тілімен танысу.
- «100 тіл ғаламшары» аймағында экскурсанттар тілдік сынақтардан өтіп, интерактивті ойын сәттеріне қатысады: көсемге хат жазу, «қара жәшіктің» құпиясын ашу, «тілдік» мұнара салу, руникалық және араб әріптерін жазу, саңырау және мылқау жандардың тілін үйрену. «Quiziz» платформасында тілдерді білуге арналған ойын.
- «Шанчек» аймағында Чуваш этно-мәдени орталығының өкілдерімен кездесу. Чуваш тіліндегі «Щумар щавать» әнін тыңдау.