2024 жылдың 20 қыркүйек Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Айбек Бегалинның жеке көрмесінің ашылуы өтті. Айбек Бегалин – белгілі қарағандылық суретші, график, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Өнер академиясының корреспондент-мүшесі, Қытайдың Шығыс Халықаралық көркемсурет институтының құрметті профессоры, Ресей көркемсурет академиясының дипломанты, «Құрмет» орденімен марапатталған.
Айбек Бегалинды көпшілік Қарағанды елтаңбасының авторы ретінде біледі.
Ол әртүрлі жанрларды - пейзажды, портретті және натюрмортты қолдана отырып, неомодерн, фантастикалық және классикалық реализм стилінде жұмыс істейді. Сондай – ақ, өз техникасында - теңдесі жоқ бегалиграфия техникасында. Бұл техникада кескіндеме идеясы кенепте сызба, нобай кезеңдерін айналып өтіп бірден пайда болады, сондықтан оның шығармашылығы қызығушылық тудыратыны сөзсіз.
Көрмеде 41 сурет ұсынылды. Бұл кескіндеме және графика. Олар 90-шы жылдардан бастап жазылған, 2024 жылы жазылған жаңа кезеңге жататын туындылар да бар. Бұл туындыларда суретші әлемді бейнелейді, бір жерде фантастикалық, бір жерде нақты. Көрме Айбек Бегалинның шығармашылық әлеміне шақырады.