2024 жылғы 1 қазанда Теміртау қаласы күніне орай және «Жауыртау: ата-бабалар жолымен» жобасы аясында Теміртау тарихи-өлкетану музейі «Жауыртау: ата-бабалар жолымен» көшпелі экспозициясын ашты.
Экспозицияның негізгі идеясы: тарихи фотосуреттер арқылы және хронологиялық тәртіпте ұсынылған атаулы даталар арқылы Теміртаудың 1865 жылдан 2024 жылға дейінгі тарихы туралы баяндау.
Көрме музей қорынан, Қазақстан Республикасы мұрағаттарынан ақпараттық блоктармен және аталған тақырыптағы жәдігерлермен толықтырылған фотосуреттердің мобильді жинағы.
«Теміртау тарихы: фотодеректер» экспозициясымен Қарағанды облысының әкімі Е.Қ. Бөлекпаев, Теміртау қаласының әкімі Ғ. Ә. Әшімов, Теміртау қалалық мәслихатының депутаттары, Теміртау қаласының ардагерлер және жастар қозғалысының белсенділері танысты.