2024 жылдың 1 қазанында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде қала күніне орай "Уақыт иісі" атты тарихи сенсорлық сабақ ұйымдастырылды.
Музей қызметкерлері тарихи дәуірлерді - иістер арқылы есте сақтаудың жаңа тәсілін ұсынды.
Сабақ барысында экскурсанттар Теміртау қаласының тарихына шолу жасап әртүрлі уақыт кезеңіндегі иістердің 12 түрін қарастырды: жусан, тезек, қара нан, картоп қабығы, "Қызыл Мәскеу" әтір суы және т. б.
Сондай-ақ балалар бір кездері ата-әжелері пайдаланған заттармен, ең көне артефактілермен және музей жәдігерлерімен танысты. Олар салынып жатқан нысандардың дыбыстарын, трамвай дөңгелектерінің соғуын және басқада дыбыстарды естуге керемет мүмкіндік алды.