2024 жылғы 25-26 қазанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Республика күніне орай Жан Ақжановтың"Қазақстанды сүю" атты республикалық көрмесінің ашылуы өтті.
Жан Ақжанов – белгілі қазақстандық жазушы, қоғам қайраткері. Ұсынылып отырған 50 туындыдан тұратын жинақ Қазақстанды ерекше қырынан көрсетеді. Фотосуреттер арқылы автор көрерменді еліміздің түрлі өңірлеріндегі қазақстандықтардың мәдениетімен, дәстүрлерімен, өмір ерекшеліктерімен таныстырады.
Екі күн ішінде көрмені 60-тан астам адам тамашалады.