12 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арнайы «Тәуелсіздік балғындары» атты іс-шара өткізілді. Бұл әр түрлі облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға, олимпиадаларға қатысып, қаламыздың атын шығарып жүрген өте дарынды балғындар.
Олардың жетістіктері түрлі салаларды қамтиды – спорт, музыка, білім, ән айту, көркем өнер шығармашылығы. Іс-шараға олар өздерінің ата-аналары, оқытушылары, жаттықтырушылары, достарымен шақырылды.
Дарынды балғындар өздерінің жетістіктері туралы айтып қана қойған жоқ, сонымен қатар олар өз өнерлерін көрсетіп, шын мәнінде дарынды екендерін дәлелдеді.
Даниленко Егор, Шәшім Аружан - Халықаралық пианистер конкурсының дипломанттары, әрі жеңімпаздары – өздерінің сүйікті шығармаларын орындады.
Анна Харченко – таеквондодан халықаралық турнирдің жүлдегері – жаттықтыру сәтін көрсетті. Бегулова Адина – жеке дауыста халықаралық сайыстың жеңімпазы – әсем ән сыйлады.
Доронкина Диана, Назарова Яна – акробатикалық композиция көрсетті.
Жас суретшілер Лотц Дарья және Асылбекова Ақмарал – халықаралық, республикалық сайыстардың жүлдегерлері, қонақтардың назарына өз суреттерін ұсынды.