2024 жылғы 6 желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде квиз форматында «Тәуелсіздік шежіресі» атты жаңа интерактивті-танымдық бағдарлама іске қосылады.
Теміртау музейі, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Қазақстанның Тәуелсіздік жолындағы қиындықтарға толы тарихи кезеңін музей заттары, интерактив және зияткерлік викториналар арқылы баяндайды. Ол үшін біз ғасырлар бойғы тарихтан бірнеше дәуірлерді алып, олар туралы ақпаратты аттас аймақтарда бейнеледік.
«Сақтар» - ойынға қатысушылар импровизацияланған археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, табылған үлгілер бойынша (Алтын адам киімінің элементтерінің көшірмелері, Есік қорғанынан алынған күміс тостаған) аң стилін зерттеді, руникалық жазу негіздерімен танысты, қолда бар материалдардан ата-бабаларымыздың қаруы - скиф садағын жасады.
«Алтын Орда» және «Қазақ хандығы» мультимедиялық бағдарламамен, блиц-сұрақ жүйесімен, құпиялы қара жәшікпен, сондай - ақ XV-XVIII ғасырлардағы «Дала заңдары»: «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы» туралы баяндайтын бейнехроникамен сүйемелденеді. Экскурсанттар тарихи ұлы тұлғалармен танысты: Шыңғыс хан, Жошы хан, Керей хан, Жәнібек хан, Тәуке хан, Кенесары хан.
«Алаш Орда» аймағында ойыншылар мұрағат құжаттардың, фотосуреттердің және музей қорында сақталған анықтамалардың көшірмелері бар папкалармен зерттеу жұмыстарын жүргізді.
«Өзгерістер кезеңі» Алматыда және Қазақстанның басқа да қалаларында алғашқы демократиялық бас көтерулері үшін қамауға алынған жастардың тергеу хаттамалары арқылы квизге қатысушылар өз ойларын зерделеп, Тәуелсіздікке алғашқы қадам жасаған жандардың тағдырымен танысты.
«Қазақстан Республикасы» аймағында квизге қатысушылар Қазақстан Республикасының картасы бейнеленген пазлды жинады, картада бейнеленген әр облыстың тұсына аймақтың экономикалық бейініне сәйкес келетін жәдігерлерді орналастырды.