Теміртау тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері мұрағаттардан 100 жыл бұрынғы тарихты тапты!
2024 жылы Теміртау қаласы өзінің 79 жылдығын атап өтті, бірақ бұл аймақтың тарихы әлдеқайда ертеректе жатыр. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарда музей қызметкерлері анықтаған құжаттармен дәлелденді.
Теміртау қаласы жекелей тұрған, аласа шоқылардың бөктерінде Жауыртау шатқалының етегінде орналасқан. Шатқалдың ең биік төбесі - Жауыр шоқысы - теңіз деңгейінен 628 метр биіктікте.
Дерек көздері өте аз, дегенмен солардың біріне сүйенсек, ХХ ғасырдың басында Жауыртау шатқалында Арғын, Мұрат, Елбай руынан 30-дан астам отбасы өмір сүрген. Қазіргі Самарқанд су қоймасының аумағында (Теміртау қ.), Жауыр өткел жерінде ағайынды Оразбек, Ниязбек және Тұрлыбек қыстақтары орналасқан.
Столыпин реформасы жылдарында, ХХ ғасырдың басында, Жауыртау шатқалының аумағында Ресей империясының орталық аймақтарынан қоныс аударушылар келе бастаған қоныс аударатын учаскелер бөлінді. 1909 жылы Самарқанд кенті (1945 жылдан - Теміртау қаласы) құрылды. Осы жағдайға байланысты қазақ ауылдары өмір сүрген жерлерінен кетуге мәжбүр болды.
1930-шы жылдары Нұра өзенінде бөгет салу нәтижесінде Самарқанд су қоймасы құрылды. Қазіргі уақытта ауылдардың барлық дерлік аумағы су астында. Әрине, қыстақтың тұрғын және шаруашылық үй-жайлары қирап, су астында қалды, тұрғындары қоныс аударылды немесе қуғын-сүргінге ұшырады.
Осылайша, Теміртау қаласы тарихының орасан зор бөлігі, осы аймақтың байырғы тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, жергілікті мәдениеті, өмір салты жоғалып кетті деуге болады.
ХХ ғасырдың басына дейінгі тарих аз зерттелген. Сонымен қатар, қолда бар ақпарат экспозицияға қажетті көркемдік бейне бере алмады. Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің қорында осы кезеңнің тарихына қатысты мұрағаттық құжаттардың көшірмелері болған жоқ.
2018 жылы ММ «Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» бастамасымен Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі қазіргі Теміртау қаласы орналасқан аймақтың - Жауыртау шатқалының тарихын зерттеуге бағытталған ғылыми – зерттеу жобасын іске асырды.
Жоба аясында XIX ғасырдың ортасынан бастап ХХ ғасырдың басына дейінгі өлкеміздің тарихы туралы қызықты, бірегей материалдар жиналды, музейіміздің «Қала тарихы» залында Жауыртау қыстауының үй-жайы қайта жаңғыртылып, құрылды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Теміртау музейі «Жауыртау: ата-бабалар жолымен» атты кітапша ұсынды. Кітапшаға «Жауыртау: ата-бабалар жолымен» ғылыми-зерттеу жобасы аясында анықталған, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатынан, Қазақстан және Ресей ғылыми кітапханаларынан, ХІХ ғасырдың мерзімді басылымдарынан табылған, ХІХ - ХХ ғасырдың басындағы Жауыртау шатқалы аумағының (Теміртау қаласының қазіргі аумағы) әкімшілік-аумақтық тиесілігі, басқарылуы, шаруашылығы, тарихы бойынша материалдар енгізілді.
Басылым материалдары өлкетанушы - тарихшыларға, өлкетанумен айналысатын оқытушылар мен студенттерге, сондай-ақ Отанымыздың тарихына қызығушылық танытушыларға пайдалы.