2024 жылғы 19 желтоқсанында Теміртау тарихи-өлкетану   музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «Қазақ әйелдерінің әшекейі «Құстұмсық» экспозициясының ашылуы өтті.

Зергерлік бұйымдар қазақ әйелінің өмірінде маңызды рөл атқарды және қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.

Теміртау тарихи-өлкетану музейінің қорында қазақтың дәстүрлі әшекейлерінің жинағы сақталған, оның ішінде құстұмсық сақинасы ерекше орын алады.

         «Ай жәдігері» жобасының экспозициясында құс тұмсық пішіндегі әшекейлер ұсынылды. Бұл ақықтас салынған «Құстұмсық» сақинасы, темірден жасалған сылдырмақ сақинасы, шеңбер түріндегі таңбамен және жұқа күміс сыммен жиектелген, мыс сымнан жасалған қызыл тасты сақина.

«Құстұмсық» сақинасы 1990 жылы музей қорына келіп түскен. Көрмеге қойылған жәдігерлер - қолдан жасалған зергерлік бұйымдар.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.