2024 жылғы 24 желтоқсанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Музейлік вайб» атты музей интерактиві іске қосылды.
Интерактивті бағдарлама жеке келушілер мен экскурсиялық топтарға арналған. Музей интерактиві 4 фотосурет аймағын қамтиды. «Шыршаның астында» фотосурет аймағында шыршаның жанындағы жаңа жылдық ортада суретке түсуге болады. «Мега сыйлық» фотосурет аймағы - бұл үлкен сыйлық қорабы, оның ішіне кіріп басқа сыйлықтардың ортасында суретке түсуге болады. «Бейнелер дүкені» фотосурет аймағында бейне түсіріп, әйгілі адамдардың, кино кейіпкерлерінің және мультфильм кейіпкерлерінің маскаларында суретке түсуге болады. «Елес селфи» фотосурет аймағында келушілер сүйкімді музей елесімен суретке түсуге мүмкіндік алды.
«Жаңа жылдық твистер» интерактивті аймағында музейге келушілер музей жәдігерлері туралы білімін сайысқа салды. «Хан ордасы» аймағында ең көп қапты сандыққа лақтырып түсірген адам Ұлы хан тағына отыру мәртебесіне ие болды. «Жаңа жылдық иістер» аймағында жаңа жылдық мерекемен байланысты 5 иіс ұсынылды. Олар ненің иісі екенін анықтау керек. «Бақыт түйіндері» аймағында 2025 жылға арналған тілекті түрлі-түсті таспаға жазып, сиқырлы бұтақтарға байлауға мүмкіндік берілді. «Шаңғы» аймағында тек экскурсиялық топтар қатысты. Шаңғыға бір уақытта 5-тен 10-ға дейін қатысушы тұрады. Шаңғымен синхронды түрде қозғала отырып, олар фотосуретте көрсетілген кәсіптермен қор заттарын сәйкестендіруі керек болды. «Жаңа жылдық жұмбақтар» аймағында жұмбақтарды шешіп, жауабын текшелердегі пазлдардан жинады.