26 желтоқсанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі Теміртау мәдениет сарайында қазақстандық болаттың 80 жылдығына арналған «Олар алғашқылар» атты көшпелі экспозициясын ашты.
Қазақстанның қара металлургиясының тұңғышы, Қазақ металлургия зауытының іске қосылуы мен дамуы туралы тарихи құжаттар мен фотосуреттер зауыт цехының конструкциясын бейнелейтін витрина-бағандарға орналастырылды.
Мартеннің атмосферасын кәсіпорын шеберханалары, еңбек ұрандары бейнеленген үлкен фотосуреттер және мұнда арнайы орналастырылған прожекторлардың бағытталған жарығы толықтырады.
Әр бөлімде жәдігерлердің көмегімен металлургтердің жұмыс күндері мен демалыс сәттерін бейнелейтін инсталляция жасалды.
Экспозицияда Қазақстанның алғашқы болат қорытушылары мен прокатшылары: Е. Байғазиев, А. Дарибаев, А. Жүнісов, М. Муслимов және тағы басқа да тұлғалардың суреттері ұсынылды.
Көрмеге келушілер: алғашқы қазақстандық болат құймалары, зауытты ұйымдастыру туралы құжаттар, металлургтердің жеке заттары: қорғаныс көзілдірігі, жұмыс қолғаптары, арнайы бас киім және тағы басқа да бірегей жәдігерлерді көрді.
«QARMET» Акционерлік қоғамы Қарағанды металлургия комбинатының қызметкерлері мен ардагерлері экспозицияны жоғары бағалады.