23 желтоқсан «Құрыштың құйылуы», Қазақстан қара металлургиясының тұңғыш алыбы – Қазақ металлургиялық зауытының 70 жылдық мерей тойына арналды.
Алқашқы қазақстандық құрыш берген, металлургия саласында тұңғыш ұлттық кадрларды даярлаған мекеменің тарихын баяндайтын экспозиция мұражайдың үлкен көрме залында ашылды.
Металлургиялық өндірістің символы ретінде орнатылған металл конструкцияларда суреттер мен құжаттар ілінді.
Металл сонымен қатар болат балқытушылардың берік, еңбекпен шыңдалған, мызғымас рухын бейнелейді.
А. Дәрібаев, А. Жүнүсов, Е. Байғазиев, М. Мүслімов, М. Акқиев және басқа да аты шыққан балқытушылардың жеке құжаттары, заттары, марапаттары, арнайы жұмыс киімдері, еңбек құралдары Қазақ металлургиялық зауыттың өнімдері экспозициядан орын алды.
Экспозицияның басты жәдігері – 1944 жылы 31 желтоқсанда құйылған ең алғашқы қазақстандық құрыштың құйылымы
Іс- шараға металлургиялық өндірістің ардагерлері қатысып, болашақта металлург болуға оқып жүрген жас ұрпаққа еліміздің қара металлургиясының өмірбаянын баяндап берді.