29 қаңтар сағат 12.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ата жол» интерактивтік-білімдік бағдарлама өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар – «Мирас» теміртаулық колледж студенттері тарихқа шолу жасап, қазақ хандығынан бастап бүгінгі күнге дейінгі жоғарғы билік жүйесімен, оның мөр және ту сияқты негізгі нышандарымен танысты. Әр кезеңде Қазақ мемлекеттігінің негізгі тірегі болған - Ата заңның қалай қалыптасқанын білді. Жоғарғы билік жүйесінің ұйымдастырылуы және қызмет барысында қалыптасқан ерекше ережелердің орындалуын зерделеді.
Сахналық ойын түрінде ұйымдастырылған шаралар арқылы қатысушылар қазақ хандығы кезеңіне аттанып, сол уақыттың салт-дәстүрлері мен жора-жобасымен танысып, білді.