Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 6 ақпанда сағат 16.00 –де Теміртаулық мұражайда Қазақстандық жас суретшілердің «Art Sapar» көрмесі ашылды.
«Art Sapar» бұл Қазақстандағы ең бірінші көркемдік көшпелі көрмелердің жобасы. Мақсаты: көрермендерді қазақша мәнердегі виртуалдық бейнелер мен оның мағынасымен таныстыру. 100-ден астам живопись, мүсін, графика, басқа да дәстүрлі тәсілдегі көркем өнер шығармалары көрсетілді. Көрмеге қатысушылар жас кәсіби суретшілер, Қазақстан суретшілері Одағының мүшелері. Бұл көрме Қазақстанның көптеген қалаларында – Павлодарда, Семейде, Ақтөбеде, Атырауда, Костанайда, Қарағандыда болып қайтты.
Көрменің ашылу кезінде Қазақстан Республикасының суретшілер Одағының мүшесі, Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразиялық университетінің оқытушысы, осы көрменің ұйымдастырушысы Әубәкір Анар живописьтен арт-сейшн және «Қазақ өнерінің семантикасы» тақырыбында шығармашылық сұхбат өткізді.
Дәстүр бойынша жаңа шығармашылық туындының тұсау кесері өтті. Теміртаулық көрермендер үшін бұл Әубәкір Анардың «Менің атам Мұхтар Зиадович» картинасы.
Көрменің ашылуында 70-тен астам: қаламыздың суретшілері, «Дизайн» факультетінің студенттері,концерттік бағдарламада өз өнерлерін көрсеткен Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқушылары мен оқытушылары қатысты.