9 ақпанда сағат 14.00-де Теміртау мұражайында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты іс-шара өткізілді. Іс- шарада жаңа экономикалық саясаттың және мемлекеттік бағдарламаның Теміртау қаласындағы кіші және орта бизнеске қолдау көрсетуі бойынша жасалып жатқан жұмысы баяндалды.
Іс- шараға «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығының міндетін атқарушы Зияшев Самат және «Бизнес 2020 Жол картасы» бағдарламасына қатысқан мекемелердің өкілдері, отыз шақты политехникалық колледж студенттері қатысты. Іс-шараға Теміртау қаласының кіші және орта бизнес өкілдері, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің өкілдері, оқушылар қатысады.