24 ақпанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында кәсіби суретші Марденова Ақлиманың «Дала рухы» атты жеке көрмесі ашылды.
Былтырғы жылы Ақлима 60 жылдық мерей тойын атап өтті. Бұл көрме суретшінің 40 жылдық шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Ақлима майлы бояумен жазылған өзінің шығармашылығын ұсынады.
Суретшінің шығармашылық ерекшелігі: көрерменге туған жердің сұлулығын, халқының салт-дәстүрін,Отанның кешегі күні мен жарқын болашығын бояу өрнектері арқылы жеткізеді. Ал басқа суретшілерден айырмашылығы Ақлима суретті кілем жасаудың қас шебері. 10 жыл бойы ұлттық нақышта көз майын тамызып жасаған суретті кілемдерінің біразы ЭКСПО-2017 көрмесіне аттанбақ. Барлық жоғы көрмеде 30 шақты суреттер қойылды.
Көрмеге 60-қа жуық адам қатысты – олар қаланың суретшілері, Ғ.Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқушылары мен ұстаздары, суретшінің әріптестері, жолдастары.