26 ақпанда сағат 15.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Толеранттық академия» этно – фестивалі өтті.
5 шығармашылық алаңда, өз мәдениетін жақсы білетін және сол білімдерімен қонақтарменен бөлісетін, нағыз академиктер қарсы алды.
Қатысушылар:
- Қазақ этномәдени орталығы «Арселор Миттал Теміртау», жетекшісі Бектемирова Салтанат Жолдыбаевна.
- Кәріс этномәдени бірлестігі «Кореяна», жетекшісі Цой Вера Алексеевна
- Неміс этномәдени бірлестігі «Фольксштимме», жетекшісі Волкова Елена Викторовна
- Татар фольклорлық ансамблі «Дуслык», жетекшісі Саяфарова Разия Жантемировна
- Орыс әндерінің халық ансамблі «Берегиня», жетекшісі Гежа Светлана Камиловна.
Іс-шараға қатысушылар «Мирас» колледжінің студенттері, № 6 орыс орта мектебінің және № 2 қазақ орта мектебінің оқушылары. Бұл күні мұражай үлкен фестиваль алаңына айналды. Келген қонақтар ұлттық ерекшеліктермен, мәдениетімен танысып қоймай, олар фестивальдың белсенді қатысушыларына айналды. Қолайлы сәтті пайдаланып олар: қазақша ою салып, көрпе тігуді тамашалады, орыс халқының музыкалық аспабында ойнауды үйренді, татар халқының тәтті тағамдарын даярлауды үйренді, кәріс халқының салт-дәстүрімен танысты, неміс халқының ұлттық ойындарын ойнап қызық думанға кенелді.
Іс-шараға барлығы 80-ге жуық адам қатысты.