28 ақпанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында «Жанды байланыс» атты іс-шара өткізілді.
Бұл іс-шарада Теміртаулық суретші Марденова Ақлима суретті кілем тоқудан өз шеберлігімен бөлісті. Гобелен техникасында Ақлима он жылдан астам сурет салып келеді. Бұл өте қиын, төзімділік пен шығармашылықты талап ететін қол өнер түрі. Бір суретті кілем тоқып шығу үшін суретші жарты жылға дейін бас көтермей, тоқудың түрлі тәсілдерін қолдана отырып, жұмыс істейді.
Ақлиманың суреттері ашық түсті бояумен, ұлттық нақышта жасалады. Өзінің тәжірибесімен, шығармашылық қиындықтармен шебер суретші Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқушыларымен бөлісті.Ақлима ЭКСПО -2017 көрмесіне арнайы тоқып жатқан түс кілемді әкеліп, қатусышыларға гобеленді тоқу үрдісімен таныстырды.