6 наурызда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында ҰОС Жеңісінің 70-жылдығына арнайы, Халықаралық әйелдер күніне арналған «Жалын кешкен арулар...» атты іс-шара өткізілді.
Сұрапыл соғысты басынан кешкен Ұлы Отан соғысының ардагерлері өткен күндерді естеріне алып, жастармен ой бөлісті. Іс-шараға ардагерлер, олардың туған туыстары, № 8 орта мектеп оқышулары мен республикалық, облыстық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.